Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Зейнеткер аштық құрбандарына белгі орнатты
Қостанай қаласының іргесінен ағатын Тобылдың жағасында Қостанай ауданына қарасты Алтын дала деген ауылдың шетінде үлкен зират бар. Бұрын осы зираттың орнында биік үйілген топырақ болады екен.
ЭКСПО-2017 • 27 Шілде, 2017
Салқындату жүйесі сұранысқа ие
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығындағы Сингапур елінің павильоны ұлттық күнін мерекелегенін хабарлағанбыз. Аз уақытта экономикасын тіктеп, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналған мемлекет жұртшылыққа озық технологияларын ұсынды. Ұлтарақтай жері болса да ұлы державалармен иық тірестіріп отырған Сингапурдың табиғи ресурстары шектеулі. Сондықтан, бұл ел тәуел- сіздігін алған жылдардан бастап баламалы энергия көздеріне иек артып, инновацияны дамытуды қолға алған.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы Қытай павильонында Юньнань провинциясының күні өтті. Шара аясында Қазақстан мен Қытай өкілдері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырылды. Басқосуға қонақтар тарапынан Юньнань провинциясының халық конгресінің тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Шуфэнь, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй, ҚХР халықаралық сауда палатасының бас хатшысы Юй Цзаньпун және өзге өкілдер қатысты.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Тәуелсіздік жылдары өлкетану ісі жаңа бағытқа, жаңа мазмұнға бет бұрды. Атырау облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы 2014-2016 жылдар аралығында өлкемізге қатысты тарихи деректерден тұратын «XVIII-XX ғасырлардағы Атырау тарихы мен мәдениеті – орыс дереккөздерінде» атты бес томдық деректер жинағын шығарды.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Бауырлас елмен байланыс нығая береді
Чолпон-Ата қаласында Қазақстан және Қырғызстан ішкі істер министрліктерінің Бірлескен екінші кеңесі өтті деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.