Аймақтар • 24 Шілде, 2018
Балалар демалысы қызықты өтуде
Тамылжыған жаз айларының балалар үшін әсерлі әрі пайдалы болғаны жөн. Жыл бойы ұзақ оқу мен қиын емтиханнан өткен әр бала демалысты асыға күтетіні белгілі. Бала денсаулығын, ой қабілеті мен спортқа бейімділігін нығайту шараларын дұрыс өткізу оның жаңа оқу жылын сергек бастауына септігін тигізеді.
Медицина • 24 Шілде, 2018
Аурудың алдын алуды үйренген абзал
Орталық коммуникациялар қызметінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Жәмилә Баттақова тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардың ғылыми негіздемесін қалыптастырып, адам өмірі мен іс-әрекетінің, аурудың алдын алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағытында жұмыс атқарып жатқандықтарын жеткізді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2018
Биылғы ауа райының жылдағыдан өзгеше құбылуы ауылдың да, ауылдың жайын ойлаған аграршы-академиктің де көңіл-күйін әрі-сәрі еткені рас. Күндіз жауын, түнде суық – не керек, қапелімде көктемнің қалай шыққанын сезбеген халық, міне, жаздың орта шеніне қалай жеткенін де білмей қалып отыр. Қарғаның миын қайнатар аптап жазғы шілденің түскенін сездірді.
Тарих • 24 Шілде, 2018
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Абай» журналының жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отыр. 20 ғасырдың басында жарық көріп, қазақ сахарасында өзіндік рөл атқарған «Қазақ», «Айқап», «Дала уәлаяты», «Сарыарқа» сияқты басылымдар туралы зерттеулер жасалып, алды кітап болып шыққаны мәлім. Ал «Абай» журналы туралы зерттеулер жоқтың қасы. Тек 1992 жылдан қайта жарық көре бастаған аттас журнал бетінен өткен тарихты бажайлай аласыз.
Өнер • 24 Шілде, 2018
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Францияның Авиньон қаласында өткен «Festival d’Avignon» халықаралық театр фестиваліне қатысты.