Білім • 24 Шілде, 2018
Жаңаөзенде үш тілді лагерлер ұйымдастырылды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жазғы каникул кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнын, үштілділікті ілгерілету мақсатында оқушылар үшін қалалық білім беру ұйымдары жанынан лагерлер ұйымдастырылды.
Өнер • 24 Шілде, 2018
Париж ұлттық операсының балеті Астанада тұңғыш рет өнер көрсетеді
Шілденің 27-30 аралығында «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында атақты Париж ұлттық опера театрының балет труппасы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетпек.
Парламент • 24 Шілде, 2018
Сенаторлар Ақмола облысында «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты
Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты. Парламентшілер бастаманың әр тармағы бойынша өзекті мәселелерді, пікірлер мен ұсыныстардың топтамасын жинақтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Шілде, 2018
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында далалық жаттығулар басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің маңайында және оқу-жаттығу полигондарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімдерінің далалық жаттығулары басталды.
Білім • 24 Шілде, 2018
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның аэрокосмос мектебіне барады
Бүгін Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық конкурстың финалдық іріктеу туры ашылды. Конкурстың жеңімпаздары Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне тағылымдамадан өтуге барады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі.