Сұхбат • 01 Шілде, 2025
Ұлттық корпус – қазақ тілінің сандық жадысы
Жаһанды қызықтырған жасанды интеллектінің қарқыны күннен-күнге күшейіп келеді. Мәтін жазудың қыр-сырын мейлінше меңгерген, сұрағаныңды лезде тауып беретін, тіпті жарамсыз деген шығарманың өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын «ChatGPT» сынды бағдарламалар халықтың қажетіне жарап-ақ тұр. Алайда жасанды зерденің қазақшаға жетік болуының бір тетігі – ұлттық корпус. Өйткені тілдік модельдерді ЖИ адамдар секілді өмірден үйренбейді, оларды мәтін арқылы оқытады. Яғни жасанды интеллект қазақ тілінің грамматикасын, лексикасын, стильдік ерекшеліктерін осы корпус арқылы меңгереді. Әрине, бұл – ұлттық корпустың көп қырының бір түрі. Ал оның тағы қандай игілігі бар? Қалай қолдануға болады? Әлемдік корпустар қай деңгейде? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Аитовамен сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 01 Шілде, 2025
Сырт көз – сыншы. Алғаш Алаш шаһарына келгенде көшенің шаңынан көз аша алмайтын едік. Облыс орталығының тазалығына жауаптыларды өңір басшысы да аямай сынға алды. Нәтижесінде, қазір тек Семей қаласы ғана емес, өңірдің де өңі кіре бастағаны сезіледі.
Мәселе • 01 Шілде, 2025
«Былқылдақ» Ертісті бүлдірмесе игі...
«Былқылдақ» көлінде жиналған сынаптың Ертіс өзенінің суымен араласып кету ықтималдылығы туралы мамандар талай мәрте ескерткен. Соған орай аумақ өңірдегі экологиялық өзекті мәселенің біріне айналып тұр.
Талбесік • 01 Шілде, 2025
Көгалдандыру жұмысы аясында биыл өңірде 120 мың көшет отырғызылды. Бұл – аймақтың абаттануына, табиғатты қорғауға бастайтын ауқымды жұмыстардың бірі. Бүгінде тұрғындар өзі тұратын ауланы жасыл-желекке орауды қызу қолға алып жатыр. Айталық, Көксу ауданында жалғыз өзі ауылында 8 мың түп көктерек көшетін отырғызған тұрғын бар. Ол он бес жылдан бері осы игілікті іспен айналысып келеді.
Ғалам ғажаптары • 01 Шілде, 2025
Таза су түссіз болады. Алайда теңіздің, мұхиттың көк болып көрінуінің өз сыры бар.