Үкімет • 01 Шілде, 2025
Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы аяқталады
Мемлекет басшысының заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елде қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қайтарылған қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Ішкі көші-қон: Заң талабы неге бұзылады?
Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында әртүрлі себеппен нашарлап кеткен демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы сегіз жылдан бері жүзеге асырлып келеді. Әйткенмен осы әлеуметтік жобаның нәтижесі көңіл көншітерліктей емес.
Білім • 01 Шілде, 2025
Тегін үйірме жүйесінде серпіліс бар
Елімізде спорт, өнер және қосымша білім саласындағы теңсіздікті азайту және барлық баланың шығармашылық дамуына жол ашу мақсатында жаңа қанатқақты жүйе енгізіліп жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жиында «Спорт, өнер және қосымша білім бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы» таныстырылып, мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен қаржылық құрылымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Экспорт • 01 Шілде, 2025
Экспорттық әлеуетіміз арта түседі
Алдағы үш жылда еліміз күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік үштігіне кіреді деген болжам бар.
Digital • 01 Шілде, 2025
«Soile AI» – науқастарға арналған көмекші құрал
«Soile AI» – дұрыс сөйлей алмайтын, сөйлеуінде бұзылысы бар жандарға көмектесетін жасанды интеллект негізінде жасалған әлеуметтік платформа. Тілдегі ақауды танитын көмекші сөйлемді мәтінге және аудио нұсқасына айналдырады.