Қоғам • 01 Шілде, 2025
Елдегі кәріз тазарту құрылғылары 65 пайызға тозған
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда кәріз тазарту құрылғыларының тозу деңгейі 65%-ға жеткен. Биыл бұл жүйелерді жаңғыртуға бюджеттен 25 млрд теңге бөлініп, Қызылорда мен Ленгер қалаларында ірі жобалар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Шілде, 2025
Бүгін бокстан кімдер шаршы алаңға шығады
Бүгін бокстан Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогінің екінші күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 01 Шілде, 2025
Жаңа әуе рейсі туризмді түлетеді
Биыл,2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады. Бұл оқиға екі мегаполистің туристік, мәдени және іскерлік байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 01 Шілде, 2025
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде Сержант күні атап өтіледі. Осыдан дәл 29 жыл бұрын елімізде сержанттарды кәсіби түрде даярлайтын алғашқы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған. Қазіргі таңда бұл оқу орны кіші командирлерді дайындайтын заманауи әскери колледж ретінде жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 01 Шілде, 2025
Елордада бокстан Әлем кубогі өтіп жатыр
Астанада күні кеше ғана бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогінің алғашқы жарыс күні өтті. World Boxing ұйымдастырып отырған бұл жарыс елімізде алғаш рет жалауын желбіретті. Додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысып, оның біразы жарыс жолын аяқтады. Сонымен, отандастарымыз кеше қандай нәтиже көрсетті?