«Таза Қазақстан» • 01 Шілде, 2025
Степногрскте экологиялық акция өтті
2025 жылғы 1 шілдеде Степногорск қаласындағы «Махаббат аллеясында» өткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын тұрғындардың белсенділігімен ерекшеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Шілде, 2025
Биыл 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда енгізілген Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету жүйесі қарқынды жұмыс істеуде. Есепті кезеңде 259,5 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары туралы SMS-хабарлама жіберіліп, олардың 202,1 мыңы өтінішсіз-ақ жәрдемақы мен төлемдер алу мүмкіндігін пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 01 Шілде, 2025
Тарифті инвестицияға айырбастау қаншалықты тиімді
Энергетика саласының тұрақты дамуына арналған бірқатар жобалар елімізде кеңінен жүзеге асып жатыр. Тұрғындарды сапалы энергия көзімен қамтамасыз ету үшін Үкімет «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Президент ШЫҰ-ның бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұлға • 01 Шілде, 2025
Ғылымға өлшеусіз үлес қосқан ғалым өмірден өтті
Қаныш Сәтпаевтың ұрпағы Әлима Жармағамбетова өмірден озды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды. Әлима Қайнекейқызы – химия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының Катализ және электрохимия институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.