Еңбек • 01 Шілде, 2025
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылды
Ақтөбе қаласында ауқымды аула аумақтарын кешенді абаттандыру жобасы іске асырылып жатыр. Жоба барысында тұрғындардың пікірлері ескеріліп отыр. Аулалардың бірінде – тұрғындар сұранысы бойынша автотұрақтар кеңейтілсе, енді бірінде – балалар және спорт алаңдары салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 01 Шілде, 2025
Астанаға голливуд жұлдыздары келеді
Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2025 биылғы шілдеде бұрын-соңды болмаған ауқымда өтпек. 9–13 шілде аралығында «Астана Арена» мен «Барыс Арена» алаңдарында бір уақытта ұйымдастырылатын іс-шара аясында әлемдік поп-мәдениет жұлдыздары, YouTube-контентмейкерлері мен косплей әртістері бас қосады. Биылғы фестивальдің басты жаңалығы – голливудтың үш бірдей жұлдызының келуі, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 01 Шілде, 2025
Қаратөбеде әуесқой домбырашылар байқауы өтті
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған байқауға жасы 40-тан асқан әйел адамдар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер анықталды
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Жыл басынан бергі өсім 87,2 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде негізгі үлес – 80 мың адам табиғи өсімнің (туу мен өлімнің арақатынасы) есебінен болса, қалған 7,2 мың адам көші-қон аясында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 01 Шілде, 2025
Ақтөбе жастары су қоймасының жағасын тазалады
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе су қоймасы жағасында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке өңірдегі белсенді жастар және қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Экологиялық іс-шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.