Тұлға • 02 Шілде, 2025
Биыл «Аnа tіlі» газетінің абыройы көтеріліп тұр. Мұның негізі де бар. Өйткені жылдан-жылға қазақ тілі елді, түрлі этносты тұтастандырушы факторға және ұлттың тарихи тек-тамырын, әлеммен үйлесімін айқындаушы рухани қуатқа айналып келеді. Жыл басында Мемлекет басшысы осы басылымға тамаша елдік сұхбат берді. Наурыз бен мамырда салалық басылым 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Күні кеше Журналистер күніне орай «Аnа tіlі» газеті Президенттің алғысын алды.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Абай тойына тігілген ақшаңқан үй
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Мақаншы ауданы облыс орталығы Семейге он алты қанатты киіз үй тарту етті.
Мәдениет • 02 Шілде, 2025
Іргелі ұйымның қорытынды концерті
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-концерттік маусымын сәтті аяқтады. Шығармашылық ұйым «grand fest» музыкалық фестивалі аясында Астанадағы Амфитеатрда көрермендеріне гала-концерт ұсынды.
Кино • 02 Шілде, 2025
Кеше «Қажымұқан» фильмі үшін қуандық. Италияда үздік деп танылыпты. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түсірген туынды Италияда өткен XXIX халықаралық «Ipaaf – Apoxiomeno» кинофестивалінде жоғары бағаланыпты.
Теннис • 02 Шілде, 2025
Ұлыбританияда «Уимблдон» турнирі басталды. Іріктеу сайыстарына еліміздің төрт теннисшісі қатысқан еді. Өкінішке қарай, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов сынды танымал ойыншылар бұл сынақтан өте алмады. Жерлестеріміздің арасынан тек Бейбіт Жұқаевтың жолы болды.