Қоғам • 02 Шілде, 2025
Қайтарылған қаражатқа медициналық нысан салынады
Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қайтарылатын қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Барлық ауыл ауызсумен қамтылады
Елімізде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Күн тәртібінде сумен жабдықтау мен су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.
Өнер • 02 Шілде, 2025
«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Даламен үндес баба өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Екі күнге созылған фестиваль аясында 11 елдің қолөнер шеберлері мәдени астана жылына арнап текемет басты.
Саясат • 02 Шілде, 2025
Батыс Қазақстан облысының компаниялары Қытайда өз кеңсесін тегін ашады. Бұл екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Зеренді ауылында заңсыз шетке шығарылған қаражаттың елге қайтарылуы есебінен заманауи спорт мектебі салынып, салтанатты түрде ашылды. Бір кезде заңсыз шетел асқан қыруар қаржы шым-шымдап елге қайтарылып, игілікке жаратылып жатыр. Бір жақсысы, мұндай қаражат әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталады. Жаңа спорт мектебінің ашылу салтанатында облыс әкімі Марат Ахметжанов бұл іс мемлекеттік саясаттың басымдық берілген бағытының бірі екенін атап айтып, соның арқасында жаңа жобалардың жүзеге асып жатқандығын мәлімдеді.