Руханият • 28 Шілде, 2022
«Нама» жанрын зерделеуге жол ашқан әдебиеттанушы
Қазақ әдебиетін дәуірлеу, оның ішінде көне жазбаларды зерттеу ісі бір ғасырға созылған ұзақ кезеңді басынан өткергені белгілі. Бұл кеңестік идеологияның қырын қарауының cалдарынан аршылмаған көмбе тәрізді, көпшілік ғалымдар бара қоймаған тың тақырыптардың бірі болды. Өткен ғасырдың 60-70-жылдарына қарай ғана қазақ әдебиетінің ерте кезеңдерін зерттеу және жүйелеу мәселесі біртіндеп қолға алына бастады. Аталған салада, дәлірегі ежелгі жазба ескерткіштерін, басқа да көне жәдігерлерді зерттеуде Н.Сауранбаев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, Е.Жанпейісов, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, М.Томанов, Ж.Бектұров, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, М.Исаев сынды көптеген тілші-ғалым үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қазақ әдебиеттануында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаевтар көне мұраларды алғаш зерттеген ғалымдар болды. Сол ұлылардың ізін жалғап, там тұмдап айтыла бастаған тақырып төңірегінде уақыттың қиындығы мен күрделі кедергілерге қарамастан, Алтын Орда тұсындағы әдебиетті зерттеген ғалымдардың бірі – Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева еді.
Әдебиет • 28 Шілде, 2022
«Тілалшақ» – ащы кекесін, өткір сын
Кімнің болсын қоғамнан өзіндік орнын тауып, ортаға бейімделіп, мына аумалы-төкпелі өмірден өз үлесін ала білуі маңызды. Ал егер сен өз жолыңды таба алмасаң, өзіндік пікірі, ойы бар адам ретінде қалыптаспасаң, кім көрінгеннің қолжаулығы боласың.
Әдебиет • 28 Шілде, 2022
Медреседен Нобель мінберіне дейін...
Танзанияда туып, Англияда өскен Абдулразак Гурнаның өткен жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері екенін оқырман қауым жақсы біледі. Диккенстің «Тұңғиық үй» романын жатқа оқитын, Флоберге іші жылымайтын жазушының қаламы осал емес. «Қажылық сапары», «Жұмақ», «Қиыршық жүрек», «Соңғы тарту» сияқты үлкен романдары оны танымал етті.
Әдебиет • 28 Шілде, 2022
XX ғасырдың екінші жартысында Латын Америка әдебиетінде үлкен дүмпу орнады. Рубен Дарио мен Хосе Марти бастаған модерн бағыты өзінен кейінгі қаламгерлерге едәуір әсер етті. Әлем әдебиетін Габриэль Гарсиа Маркес, Хулио Кортасар, Октавио Пас, Хорхе Луис Борхес сары-жасыл елестерімен сырқаттап үлгерді. Жұмбақ лабиринттері мен құпия түстері арқылы баураған испантілді жазушылар магиялық реализм бағытында өнімді еңбектерді дүниеге әкелді.
Өнер • 28 Шілде, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне барып, бауырлас қырғыз елінің шебер суретшісі Сабиджан Бабаджановтың «Бұлтқа апарар жол» атты жеке көрмесін тамашалаудың сәті түсті.