Маман • 02 Шілде, 2025
Өнім дизайнері бәсекелі маманға айналды
Әсіресе банк секторы мен қаржылық технология саласында өнім дизайнерінің рөлі барған сайын күшейіп жатыр. Себебі қаржы – сенімге құрылған сала, ал сенім интерфейстен басталады. Дизайнер десе, көпшілік оның тек сурет салып, түстер мен шрифтерді таңдаумен айналысатынын елестетеді. Алайда өнім дизайнерінің жұмысы әлдеқайда ауқымды әрі стратегиялық мәнге ие. Ол пайдаланушы тәжірибесін (UX) зерттеп, сол негізде интерфейсті (UI) әзірлейді. Сонымен қатар тұтынушы мінез-құлқы, нарықтағы трендтер, бәсекелестер, бизнес мақсаттар барлығы осы маманның шешімдеріне әсер етеді.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Жыл сайын каникулға кетер алдында облыстарды аралауды дәстүрге айналдырған халық қалаулылары бірқатар нысанға барып, сайлаушылармен кездесіп, түрлі жиынға қатысады. Осылайша, жұртпен тілдесіп, өңірдегі проблемаларды өз көзімен көріп, тиісті органдарға жеткізуге бастамашы болады.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Жұрт оны «арызқой», «бәлеқор» деп жақтырмайды. Бірақ ол өзі жөніндегі бұл теңеулерге пысқырмайды да... Оның білмейтіні жер астында. Ой елегінен өткізбейтіні, байқамайтыны жоқ. Үнемі қайнап жүреді. Қайратты, бойындағы қуаты ерен. Шешен.
Қазақстан • 02 Шілде, 2025
Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы
Еліміз жыл санап Орталық Азиядағы (ОА) экономикалық көшбасшы ретіндегі ұстанымын күшейтіп келеді. Пандемия мен 2022 жылғы геосаяси шиеленістен кейін ірі сауда-логистикалық хабқа айналу мәселесін де күн тәртібіне шығардық және ол нәтижесіз де емес. Қазір ел аумағы арқылы жүйткіп жатқан тауар ағыны ұлғайды. Бұл біздің сауда, инвестиция және инновация орталығына айналу мүмкіндігімізді еселейтіні даусыз.
Айбын • 02 Шілде, 2025
Бүгін – Әскери-әуе күштері күні
Дәл осы күні Әскери-әуе күштері кәсіби мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты. Содан бері әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуден, қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.