Заң мен Тәртіп • 02 Шілде, 2025
Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді
«Шымкент – Самара» тас жолында полицейлер Land Rover көлігін тоқтатып, жолаушылардың бірінен 400-ден астам дозаға тең синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Биыл елімізде жол апатынан 2000-нан астам адам көз жұмды
Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл туралы академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Шілде, 2025
Жолшы-инженер мамандарына 750 білім беру гранты бөлінді
2025 жылы жолшы-инженер мамандарын даярлау мақсатында мемлекет тарапынан «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасына 750 білім беру гранты бөлінді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Шілде, 2025
Валерий Жұмаділов: «Тарихи отаным – Қазақстанның атынан жарысқа қатысамын»
6–8 шілде күндері Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ALATAU 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл Орталық Азия кеңістігіндегі Masters (35+) және әуесқойлар (18–34 жас) санатындағы спортшыларға арналған алғашқы ірі жарыс болмақ. Әртүрлі елдерден, жастан, ұлттан жиналған жүздеген спортшы үшін бұл нағыз спорт мерекесіне айналмақ. Осы турнирге қатысатын ең шабыттандырарлық тұлғалардың бірі 64 жастағы Валерий Жұмаділов. Ол жүгірумен 50 жасында ғана айналыса бастаған, ал бүгінде жеті елдің чемпионы, Еуропа вице-чемпионы және өзінің жас санатындағы әлемдегі ең мықты спринтерлердің бірі саналады. Біз турнир қарсаңында Валерий Жұмаділовпен оның өмір жолы, отанға деген сүйіспеншілігі мен рухының мықтылығы туралы әңгімелестік. Бұл оқиға Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтары - спорт, мәдениетке құрмет және адамдарды біріктіру идеясын шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болатынына жарқын дәлел.
Оқиға • 02 Шілде, 2025
Екі шетелдік зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын иемденген
Алаяқтыққа қатысты қылмысты – Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп ашқан. Алматы қаласында ұсталған көрші елдің екі азаматы 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, қомақты қаржысын иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.