Әдебиет • 03 Шілде, 2024
Түркістан музыкалық драма театры биыл сәуірде Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған драматургия байқауын жариялаған еді. Күні кеше республикалық байқаудың жеңімпазы анықталды.
Руханият • 03 Шілде, 2024
Ұлт болмысын ұлықтаған қаламгер
Есімі елімізге танымал жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің өнегеге толы ғұмырбаянын, іргелі ізденістерден тұратын шығармашылық жолын әңгімелегенде облыстық «Ленин туы (қазір «Солтүстік Қазақстан») газеті алдымен ауызға алынады. Олай болатын жөні бар. Жәкең өлең, әңгіме жазуға мектепте оқып жүргенде-ақ әуестенді. Тырнақалды мақалалары жергілікті басылымда жарияланып, «тілші бала» атанды.
Мирас • 03 Шілде, 2024
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қолөнерші, шебер Айдос Мұратұлының қолынан шыққан асадал, киіз үйдің сықырлауық есігі, әртүрлі пішіндегі сандықтар мен қобдишалар, сүйекпен көмкерілген аттың ері тұр. Ол –ағаш, тері, сүйектен тамаша дүниелер жасаған қазақ қолөнершілер мектебінің ХХ ғасырдағы соңғы тұяқтарының бірі. 1933 жылы Қазақстанның Оқу ағарту комиссары болып тағайындалған Темірбек Жүргенов Айдос шеберді Алматыға Қазақ ұлттық опера және балет театрын безендіруге, сахналық қойылымдарға ұлттық бұйымдар жасауға шақыртады. Ұлттық театр алғаш шымылдығын 1934 жылдың қаңтарында М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» операсымен түргенін білеміз. Сахналық қойылымдардағы әртістердің киімінде, ғимараттың қабырғасындағы ою-өрнектерде 54 жастағы Айдос шебердің де қолтаңбасы қалды. Осы еңбегі үшін Айдос Мұратов 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Мирас • 03 Шілде, 2024
Тораңғының діңінен шауып алған шаңырақ
Бүгінде «шаңырақ» дегенді «отбасы» немесе «әулет» деп қана түсінетін болдық. Өйткені урбанизация ұғымды өзгертті. Әйтпесе талай ғасыр сахарадағы салқар көштің сәні болған қазақтың кәдімгі қара шаңырағы еді. Осы ретте, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаева ханыммен қазіргі шіліңгір шеберлері жөнінде әңгіме өрбіткен едік.
Тұлға • 03 Шілде, 2024
Қиял әлемін тұрақ еткен қапысыз бала күнге апарар естелік мол. Бізге Бердібек Соқпақбаев сол аусар күннің талассыз қаһарманы, сенімді сұлтаны іспетті. Жазушы әлемінде өткен сыралғы сәттер, себезгі минуттар ешбір алтынға сатылмас арайлы шақтар екен. Сол тұма кеңістікте жұтқан ауамызбен дүниеге деген көзқарасымыз қалыптасыпты.