Қаржы • 03 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында әлемде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталған қазіргі аса маңызды кезеңде еліміздің зор экономикалық серпіліс жасауға толық мүмкіндігі бар екенін айта келіп: «Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қолжеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», деген еді.
Балалар • 03 Шілде, 2024
Астанадағы Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия жанында жазғы «Сарыжайлау» этнолагері жұмыс істеп жатыр. Бұл демалыс орнының ерекшелігі – мұнда оқушылар әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді тереңірек меңгеріп, ұмытылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын өздері жасап үйренеді.
Білім • 03 Шілде, 2024
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) рекорды тағы жаңарды. Өткен аптаның соңында ауыл баласының топ жарғаны жөнінде жазғанбыз. Бүгін тағы бір талапкердің тестілеуде барлық сұрақтан сүрінбегенін сүйіншілемекпіз. Сүйіншіге себепкер болған кейіпкеріміз – Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы мектебінің оқушысы Айым Ержанова.
Білім • 03 Шілде, 2024
Оқу үдерісіне жаппай ашық онлайн курстарын белсенді енгізу отандық университеттердің халықаралық рейтингтерінде деңгейін көтеріп, білім қызметі нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда көптеген елдің білім жүйесінде жаппай ашық онлайн курстар сапалы контентпен толығып, нарықта танымалдылыққа ие болып жатыр.
Білім • 03 Шілде, 2024
Алакөл ауданына қарасты Ақши аулындағы «Жалын» және «Жансая» сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастады. Мұнда 300-ге тарта оқушы жазғы демалысын өткізеді. Балалар шипалы көл жағасында тынығып, білімін шыңдайды. Қос демалыс айлағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларға арналған түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, денсаулығын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.