Қоғам • 03 Шілде, 2024
Уақыт талабына сай кеңседегі жұмыс орнына сұраныс төмендеп, әркез өзектілігін жоғалтпайтын жұмысшы мамандығының мәні артты. Онсыз тауар өндіру, үй салу, инфрақұрылым тарту және басқа да көптеген маңызды жүйенің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Мүгедектік кәсіпкерлікке кедергі емес
Елімізде 871 ұйым мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Келесі жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру енгізілмек, бұл осы салаға жеке бизнесті тартуға ықпал етеді. Қанатқақты жоба жүзеге асса, арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге, оларды шалғайдағы елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік туады.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Күні кеше Глубокое кентінде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 12 отбасына жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстау салтанаты өтті. Глубокое ауданында 2020 жылдан бастап жаңа үйлердің құрылысы жүріп жатыр.
Қаржы • 03 Шілде, 2024
Валюта интервенциясы жасалмады
Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 471,84 теңгеге дейін, 5,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 млн доллардан 183 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд доллар болды деп хабарлады Ұлттық банк (ҰБ).
Қаржы • 03 Шілде, 2024
Еліміз біраздан бері экономикадағы долларлық активтердің үлесін азайтуға, теңгенің өтімділігін арттыруға тырысып келеді. Жеке тұлғалардың депозитін долларландыру 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес соңғы 26 жылда ең төменгі мәнге дейін төмендеді және 22,2%-ды құрады. Заңды тұлғалардың депозиті 16 жылдық минимумға, 24,2%-ға дейін төмендеді.