Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024
Біздің ауыл адамдары біреуге қосымша ат қойып, айдар тағуға келгенде, алдына жан салмайды. Қиыннан қиыстырып қояды. Мәселен, ауылда Жақсылық есімді екі әкеміз болды. Жарықтық, екеуі де кеудесі орден-медальға толы озат малшы еді. Бір қызығы, біреуінің түсі – ақ, екіншісінікі – сары. Сол екеуін бір-бірінен шатастырмау үшін біреуін «Ақжал айғыр», екіншісін «Сары айғыр» деп айтатын. Бұл жанама есімді оларға құрдастары әзілдеп шығарды ма, білмедім, кейін ауыл арасына кең тарап кетті. Сондай-ақ «Серік» деген ат та көп кездесетін. Ауылда осы есімді иеленген бір топ ағамызды жұртшылық мінезіне, қызметіне, тегіне қарап, біріншісін Торғай Серік, екіншісін тәй-тәй Серік, үшіншісін Қойшының Серігі, төртіншісін «Кәпір Серік» деп атаушы еді.
Таным • 27 Шілде, 2024
Өмір бойы аңсаған арманыма қол жеткіздім. Тәубе, ал әрі қарай не істеу керек? Енді не нәрсеге ұмтылып өмір сүремін? Бұл – чемпиондық тұғырды бағындырғаннан кейін көптеген спортшының бас ауруына айналатын сұрақтар. Өкінішке қарай, көбі бұларға жауап таппай, өмірден баз кешіп кетеді.
Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024
2025 жылы Сауд Арабиясында киберспорттан алғаш рет олимпиада өтеді. Ол қандай спорт дейсіз ғой? Бұл – компьютер арқылы жекелей немесе командамен ойналатын жарыс. Яғни қатысушылар бір-бірімен шынайы емес, виртуалды өмірде бақ сынасады.
Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024
Маңғыстау облысының тұрғыны Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарын көрмекке Франция астанасына велосипедпен барған.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арнап 153 үй салу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының дені аяқталып, баспанасыз қалған тұрғындардың көбі жаңа үйлерге қоныстанды.