Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Білім берудегі бірегей қадамдар
Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісі өтті. Оған Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Олжас Ордабаев және құрылыс саласы бойынша сарапшы Әлібек Марданов қатысты.
Медицина • 25 Шілде, 2018
Біз қашанда қоғамды айтқанда ел азаматтарын, белгілі қоғам қайраткерлерін, ұжым басшыларын, мәдениет, өнер, ғылым өкілдерін, өндіріс озаттарын, ерлік көрсеткен батырларды еске аламыз, өнеге етеміз. Бұл дұрыс, орынды іс. Бірақ солардың аржағында көрінбей тұрған, олардың баптаушылары, ұстаздары бар. Әркімнің ата-анасы, шыққан отбасынан кейінгі, жасөспірімді қоғамдық өмірге, білімге бағдарлайтын, тәрбиелейтін, оларға жақын, солар үшін бүкіл өмірін, жан-жылуын арнайтын жетекші тұлға – ұстаз.
Соңғы жылдары елімізде басқа салаларға қарағанда құрылыс саласы біршама қарқынды дамыды. Оған астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі де белгілі бір дәрежеде түрткі болғаны анық. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, онда белгіленген межелер толық болмаса да, белгілі бір көлемде орындалып жатты. Соның арқасында көптеген әкімшілік ғимараттармен қатар тұрғын үйлер де молынан салынды. Оның өзі үйсіз-күйсіз жүрген біраз халықтың баспаналы болуына айтарлықтай мүмкіндік туғызды.
Аймақтар • 25 Шілде, 2018
Құрманғазы ауданында балықшылар мерекесі өтті
Атырау облысының Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданы – сулы, нулы өңір. Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен, Еділ өзенінің салаларынан, Манаш, Нұрман көлдерінен құйылатын тіршілік көзі ауданда балық шаруашылығының дамуына оң ықпалын тигізіп отыр. Жыл сайын балықшылар күні ауданда ұлан-асыр той өтеді. Бұл үрдіс биыл да жалғасты.
Аймақтар • 25 Шілде, 2018
Кіші Арал – үмітті ертеңге жалғаған теңіз
Бір көргенде Аралдай найқалған теңізі бар Қызылорда облысы судан тапшылық болмайтындай көрінеді. Мұндағы жағдайды көзімен көрмеген жұрт солай ойлайтыны кәдік.