Қоғам • 03 Шілде, 2024
Орталық Азия көміртегі бейтараптығы өткелінде қуаттың балама ресурстарын пайдалану және елдерді тұрақты болашаққа жақындататын энергетикалық инфрақұрылымды өзгерту тұрғысынан мол әлеуетке ие. Аймақтың жылу энергетикасының көмірден газға ауысуы, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан жылу электр стансаларының беріктігін қамтамасыз ету мәселесі Алматыда өткен II халықаралық форумда сарапталды.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Көмірден тыңайтқыш алатын компания
Елдегі үлкен көмір кенішінің бірі саналатын «Шұбаркөл көмір» компаниясы бір жылда 14 млн тоннаға дейін көмір өндіреді. Оның негізгі бөлігі халықтың тұтынуына жұмсалып, қалғаны экспортқа шығарылады. Кәсіпорында үгілген көмірден гумат натрий жасалады. Ол көмірдің бетінде тұрады. Гуминді тыңайтқыш – миллиондаған жылдан бері жауын мен қарға жуылып, тынымсыз соққан желге кептіріліп, күнге әбден қақталған, әрі ашық ауада сүзгіден өтіп барып пайда болған таза табиғи өнім.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Елімізде букмекерлік кеңселер саны жыл санап артып келеді. Жарнамасын жарқыратып беріп, менмұндалап тұратын букмекерлік, компьютерлік клубтардың да қарасы азаяр емес. Салдарынан оңай жолмен ақша табамын деп, құмаройынға құныққан, бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізіп жүрген жастар көбейді.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Көп жыл бұрын Қостанай қаласында тұратын үлкен кісі қоңырау шалды. Жасы сексенге келген, бала-шағасының ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан қазақтың бір аяулы анасы. Сөзі өтімді, ширақ кісі екендігі телефонның дауысынан білініп тұрды.
Заң • 03 Шілде, 2024
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, биыл аумақтық әділет органдары, құқық иелерінің өтініштері негізінде елімізде қорғалатын тауар белгілерін заңсыз пайдалану бойынша жоспардан тыс 115 тексеру жүргізілді.