Ауа райы • 03 Шілде, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 3 шілдеде Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Ирандық компаниялар еліміздің егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар егіс алқаптарын суару және суармалы суды тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Арман Шаққалиев ҚХР Коммерция министрімен кездесті
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытай Халық Республикасының Коммерция министрі Ван Вэньтаомен кездесті. Вэньтао елімізге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында келген. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, экспортты ілгерілету және электронды коммерция мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Шілде, 2024
Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік ойын алаңына соғылды
Ақтау тұрғындары 2 шілде күні көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып балалардың ойын алаңының қоршауын бұзып кеткенін мәлімдеді. Бұл жағдайға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Шілде, 2024
Су тасқыны: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді
Үкімет алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.