Қоғам • 01 Шілде, 2019
Әлемде өмірге құлшындыратын шешен, меценат, жазушы және әнші, аустралиялық Ник Вуйчичті танымайтын адам жоқ шығар. Шешендік, жазушылық, әншілік, тіпті атымтай жомарт байлар да ешкімге таңсық емес қой, бірақ бұл қол-аяғы жоқ кескен томардай адамның адамзатқа үлгі болар ерік-жігері миллиондарды мойындатады.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен шағын аудандар мен әлеуметтік нысандарды аралады.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
«Үркер»: үздіктер үзеңгі қағыстырды
«Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында абыройын асырып, мерейін үстем етер тамаша оқиға бар. Ол – «Үркер» ұлттық сыйлығының табыс етілер сәті.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI шақырылған төртінші сессияның жұмысын ұзарту туралы мәселе қаралды. Бірлескен отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Жоғарғы соттың және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ирактан 3400 жыл бұрын салынған сарай табылды
Неміс және күрд ғалымдары Ирак аумағындағы Тигр өзенінің шығыс жағалауынан осыдан 3400 жыл бұрын салынған Митанни империясына тиесілі сарайды тапты. Бұл туралы RiaTaza.com жазды.