Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Текшені тез құрастырып жарысты
Семейде рубик текшесін құрастырудан «Cubing Semey Open-2019» халықаралық чемпионаты өтті. 3 күнге жалғасқан жарыс «SemeySummerFest» халықаралық фестивалінің аясында ұйымдастырылды.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Арыстың балалары Баянауылға келді
Таяуда облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен өңірде Арыс қаласынан келетін 300 баланы демалыс орындарына орналастыру туралы шешім қабылданған-ды.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Бұған дейін де 7 жыл бойы Алматыдағы «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағы бүркіт балапандарын жабайы табиғатқа біртіндеп баулып, еркіндікке жіберіп келгенін, биыл сол құстардың санын алу үшін арнайы экспедиция жолға шыққанын хабарлаған едік.
Спорт • 01 Шілде, 2019
«Динамоның» ізбасарлары сайысқа түсті
Қызылорда қаласындағы мұз айдынының волейбол алаңында ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, волейболшы Тұрғанбек Алтынбеков атындағы қырық жастан асқан ардагер спортшылар арасында ашық турнирі өткізілді. Өмірден өткеніне екінші жыл айналған Тұрғанбек аға 1960 жылдары ел құрамасының жастар сапында өнер көрсеткен, спорт шебері «Динамо» лақап атымен танылған-ды. Бертінге дейін Сыр өңірі спортының дамуына ауқымды үлес қосып, шәкірт тәрбиелеген ұстаздың есімі зор құрметке ие.
Нұр-Сұлтан қаласы Арыспен бірге
Елордадағы жастар ұйымдарынан, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардан, сондай-ақ қала тұрғындарынан жиналған гуманитарлық көмек Арысқа үшке бөліп жөнелтілді. «Нұр-Сұлтан қаласы Арыспен бірге» деген жазуы бар 10 жүк көлігіне азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар және киім-кешек тиелген.