Спорт • 27 Шілде, 2024
Садақшылар үздік нәтиже көрсетті
Кеше кешке XXXIII жазғы Олимпия ойындарының ресми ашылуы өтті. Париж төрінде Мемлекеттік Туды Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстады.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Көктемгі төтенше жағдай су басқан өлкелерді ғана емес, бүкіл халықты алаңдатты. Қиын-қыстауда ағайын береке-бірлігін тағы бір көрсетіп, апат аймағындағы жұртшылыққа ел болып көмек қолын созды. Сол кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың ескерусіз, қолдаусыз қалмайтыны туралы жариялаған үндеуі есі екеу, түсі төртеу күйдегі халықтың көңілін басқандай болды.
Тарих • 27 Шілде, 2024
Өткенге көз салсам бітті, балалық шақ, ауыл, ондағы еңбеккеш ағайын көз алдыма келеді де тұрады. Ол өлке – Арап қыратының (Арқаның қыраты. Өзімізге тау болып көрінетін) етегінде жатқан Түгіскен. Сол Түгіскенге биыл – 90 жыл. «Елу жылда ел жаңа» деген. Заманында небір қиын-қыстау күндерді бастан өткерген түгіскендіктермен бірге ауыл да жаңарып, өркендей түсті. Түгіскеннің әрі-бері тарихы туралы аға буыннан естігеніміз, оқығанымыз, қала берді ой-санада қалған бірді-екілі естеліктер бар, соны ықшамдап, өздеріңізге жеткізгім келіп отыр.
Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024
2026 жылғы ақ Олимпиаданы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдайды. Бұл шешім Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында қабылданды.
Экономика • 27 Шілде, 2024
«Біздің байлық етігіміз кепкенше» дейді өмір бойы көл жағалап, ау тартып жүрген балықшы ақсақал Сабырбек Құрманғалиев. Олар балық аулау маусымы ашыла сала көл бетінде қайықпен қалықтап жүріп ау тартады. Түскен балықты Қарсақбайдағы зауытқа апарып, өткізеді. Зауытта балықтан бірнеше түрлі өнім өндіріледі.