Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Елордада сағат кешкі 22.30-23.00 аралығында көшелерде қоғамдық автобустардың қатынап жүргенін байқауға болады. Сол себепті астаналықтарды жұмыстан кейін үйіне жете алмаймын-ау деген ой мазаламайды. Өкінішке қарай, семейліктердің мұндай сапалы тасымалдау қызметін көрмегеніне 10 жыл немесе одан да көп уақыт өткені жасырын емес. Демалыс күндері сағат 20.00-ден кейін қалалықтардың қалаған жеріне жетуі мұңға айналғалы қашан?!
Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі – асфальтбетон жолдар. Мың шақырымдайы – шағал тас төселген көшелер. Қалған 150 шақырымнан аса жолы топырақ. Жергілікті әкімдік 2022 жылдың соңына дейін асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 67,4 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл межені орындау үшін қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда мегаполистің 351 шақырым жолында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның 67 шақырым жолы жаңадан салынады немесе қайта жаңартылады. Қалғаны бойынша орташа немесе күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес асфальт жолдардың үлесі жыл сайын арта бермек. Мәселен, 2025 жылға қарай шамамен 80 пайызға жеткізіледі.
Коронавирус • 28 Шілде, 2022
Екпе алғандар елу пайыздан асты
Әлем жұртшылығын әуреге салған белгісіз індеттің беті қайтты деп, бетпердемізді шешіп қуанғанымыз кеше ғана еді. Бірақ қаншама адамның өмірін жалмаған, қаншама азаматты дертке ұшыратқан сол бір індет іргемізге қайта із сала бастады. Оны күнделікті ақпарат ағынынан аңғару қиын емес. Көптеген елдер сақтық шараларына сақ қарап, аурудан қорғану жолдарын қолға алуда. Еліміздің бас қаласы «сары» аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз. Осының өзі науқастар санының артқанын аңғартады. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысумен коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
Медицина • 28 Шілде, 2022
Маймыл шешегін емдеудің алгоритмін үйренеді
Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан аумағында маймыл шешегі инфекциясының пайда болуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайында баяндап берді.
Коронавирус • 28 Шілде, 2022
Вакцина алмағандар ауырып жатыр
Атырау облысында шілде басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбейіп барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, бұған вакциналау мен ревакциналау қарқынының төмендегені әсер етіп отыр.