Өнер • 25 Шілде, 2018
Елордада «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі өтеді
Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Елорданың 20 жылдығы аясында ауқымды музыкалық жоба – «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалін ұйымдастыруда.
Өнер • 25 Шілде, 2018
Астанада Орталық Азия елдерінің халықаралық би фестивалі басталды
Елорда төріндегі «Астана балет» театрында Орталық Азия елдерінің халықаралық би фестивалінің (СENTRAL АSIAN DANCE FESTIVAL) салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айтулы шараға АҚШ елшілігінің құрметті өкілі Питер Ковач, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов және Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Бибігүл Нүсіпжанова қатысты.
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Торайғырда Сұлтанмахмұт тойы өтті
Елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады. Онлайн-мүшәйраға еліміздің әр өңірінен 36 ақын қатысты, 108 шығарма ұсынылды.
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Ғасырлар бойы қаншама қайғылы оқиғалардың куәсі болып, талай-талай тартыстар мен қатыгез қанды сапырылыстарды басынан өткізген бабаларымыз атамекенін жауларынан қорғап, ерекше ерліктер жасаған. Сондықтан туған жер – қазақ үшін аса киелі ұғым. Көшіп-қонып, жаз жайлап, қыс қыстаумен өткен аталарымыз сол киелі мекеніне ат қоюға ерекше мән беріп отырған. Ол атаулардың астарына аңыздар мен әңгімелерді сыйғызып, қазақ топонимикасының өзіндік философиясын құрай білген. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың жер атаулары адам қызығарлықтай әдемі мәнге ие болып, көптеген көршілес халықтардың қызығушылығын оятқан. Кеңестік кезеңде бұрын кілемдей құлпырып, біртұтас мәнге ие болған ұлттық топонимикамыз бөлшектеніп, қырық жамау күйге түсті.