Қазақстан • 27 Шілде, 2024
«Адал азамат» атанудың салмағы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды», деген еді.
Экономика • 27 Шілде, 2024
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес біздің елде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтілетіні белгілі. Осының ішінде ұлттық һәм мемлекеттік мерекелер арнайы іс-шаралармен республика деңгейде қамтылады. Ал кәсіби мерекелердің жөні бөлек. Мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмегенмен, бұл – аты айтып тұрғандай, әр кәсіптік салада еңбек етіп жүрген азаматтардың атап өтетін арнайы күні. Демек, мұндай арнаулы күнде әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақындарыңызды құттықтауға әбден болады. Қош, алдағы жексенбі, яғни 28 шілде – Сауда қызметкерлері күні. Кәсіби мерекенің уақыты өзгермелі, өйткені жыл сайын шілденің төртінші жексенбісіне белгіленген.
Экономика • 27 Шілде, 2024
Саудада таза жанның ұпайы түгел
Өңірдегі сауда саласын бір кісідей біліп қана қоймай, осы салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерді барынша қолдап жүрген Дмитрий Довматенконы әріптестері табандылығы, бірсөзділігі, жұмысына тиянақтылығы, берген уәдесіне беріктігі, біртоға мінезі үшін ерекше құрметтейді.
Білім • 27 Шілде, 2024
Еліміздің талантты да білімді жастарын шетелдік университеттер жиі шақырады. Бір түлектің бірнеше оқу орнына түскеніне талай куә болдық. Осындай тамаша жаңалықтың рекордын қойған Дамир Аюпов болды.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің «Alumni NIS» қауымдастығы «Назарбаев қоры» жеке қорының қолдауымен игі дәстүрге айналған «Annual III Fundraising Ball: Celebrating Graduates!» қайырымдылық балы өтті. Бұған 150-ге жуық түлек қатысты.