Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Металтану саласының дамуына қосылған үлес
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Металтану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен технологиялар» ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіру тұрғысынан өзекті болып табылады.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Саламатты ұлт қалыптастыратын салиқалы еңбек
Жер бетіндегі барлық тірі организмдерге өзіндік өмір ұзақтығы тән екендігі белгілі. Адам үшін орташа ғұмыр сексен бес жас шамасында делінеді, бірақ бұдан да ұзақ өмір сүретіндер аз емес. Жас ұлғайған сайын мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді, есту және көру сезімдері нашарлап, бұлшық еттер мен буындар әлсірейді, бірақ дені сау адамдарда бұл өзгерістер алпыс бес жастан кейін ғана көрініс табады. Қазіргі медицина ғылымының қарттық, егделік туралы тұжырымдарының бір парасы осындай мәліметтерді алдыға тартады. Бұған талас жоқ. Дегенмен осы тұрғыда ойланатын, ортаға салып, пікір қорытып ақылдасатын мәселелер де аз емес-ау.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Баламалы энергия. Шығыс Қазақстанның мүмкіндіктері қандай?
Қазақтың кең-байтақ даласында не жоқ дейсіз? Бәрі бар. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтпақшы, «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтана айтуға тұрарлық дүние жетерлік. Құдайға шүкір, әлемнің кейбір мемлекеттері секілді жылдың төрт мезгіліне жарымай отырған жоқпыз. Қаһарлы қысымыз да, көгілдір көктеміміз де, жайдары жазымыз да, күрең күзіміз де бар. Жанға жайлы жаймашуақ ауа райымен қатар буырқанған боранымыз да, азынаған желіміз де бар. «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» (Қазтуған жырау) көркем көлдеріміз бен арыны қатты асау өзендеріміз де бар. Мұның бәрін неге тәптіштеп айтып отырмыз? Бүгінде дәстүрлі энергетикалық қуат көздеріне тиімді балама табу мәселесі күллі әлем жұртшылығын толғандырып отыр. Сондықтан қазіргі таңда әр мемлекеттің балама қуат көздерін табу жолында өздерінше қам-қарекет етіп жатқан жайы бар. Астана төрінде шымылдығы түрілген ЭКСПО көрмесінің басты мұраты да осы болса керек.
ЭКСПО-2017 • 28 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017. Куба көрменің көрігін қыздырды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Куба Республикасының ұлттық күні тойланды. Кариб теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Бостандық аралының» өкілдері 26 шілдеде ұлттық көтеріліс күнін атап өтеді. Осы атаулы датамен тұспа-тұс келген көрменің дәстүрлі шарасында екі елдің тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Содан кейін кубалық өнерпаздармен би ырғағына ілескен көпшілік сахна көрігін қыздырды. Концерт барысында көрермендер испан тілінде орындалған әндерді қосыла шырқап, әртістерге жарыса қошемет көрсетті.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам.