Қоғам • 30 Шілде, 2025
Әдемі қартая білуге де парасат қажет
Алты бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бір ағайын қартайған шағында перзенттерінің өзіне деген ықыласына көңілі толмай: «Еліміздің Конституциясында кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті», деп жазылған. Ендеше, әйелім екеуіміздің кәрі қойдың жасындай ғұмырымыз қалғанда балаларымыз бізге неге дұрыс көңіл бөлмейді?» деп қынжылғаны бар. Осы сауал төңірегінде өзі де толғанып, бізді де ойға қалдырған еді.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Ұлыбритания тұрғындары елдің Еуроодаққа қайта қосылуын қолдап отыр. Жалпы кез келген мемлекет экономикалық, әлеуметтік-саяси қатынастар бойынша туындайтын мәселелердің, міндеттердің шешімін табуда бірлесіп, халықарaлық күш жұмылдыруға ұмтылады. Мұның артықшылығын британдықтар мойындаған сыңайлы. Өйткені бес жыл бұрын қабылданған Brexit уәделері әлі де орындалмай келеді.
Өндіріс • 30 Шілде, 2025
Еліміздегі егістік алқаптардың 25 пайызға жуығы «Астана-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Аstana-Nan Chemicals» филиалында өндірілген химиялық дәрі-дәрмекпен өңделеді. Жыл озған сайын егіншілік мәдениеті жан-жақты дамып, топырақ құнарын арттыру, көк өскінді аурудан қорғау орайындағы жетістіктер қолға алынып жатыр. Жер емшегін емген диқан қауым табиғаттың сараң мінезіне төтеп беріп, мол өнім алуға ынталы. 26 жыл бойы олар біз сөз еткелі отырған кәсіпорынның өнімдерін пайдаланып келеді.
Экономика • 30 Шілде, 2025
Шілде айында отандық мұнай-газ секторында жақсы жаңалықтар болды. Әсіресе еліміз ұзақмерзімді өндіріс стратегиясы аясында Қытай мен Үндістанға жанармай экспортын арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ Қара теңіз арқылы тасымалданатын мұнай экспорты қайта жанданды. Үкімет биылғы алғашқы жартыжылдықта қара алтын өндірісін 11,6%-ға арттырды. Сонымен қатар еліміздің OPEC+ құрамынан шықпайтыны да белгілі болды.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Газ құбырының құрылысы жедел жүріп жатыр
«Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбырын салу бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бүгінде құбырдың магистралдық бөлігі толықтай аяқталды. Технологиялық құбырлар мен жабдықтарға беріктік пен герметикалық төзімділігіне қатысты гидравликалық сынақтар сәтті жүргізілді.