Аймақтар • 26 Шілде, 2018
Қостанай облысында кеншілер тамақтан уланып қалды
Лисаков қаласында Краснооктябрь боксит басқармасының жергілікті асханадан түстік тамақ ішкен 37 жұмысшысы уланып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке 37 адам жүгінген, соның 26-ы ауруханаға жатқызылған.
Аймақтар • 26 Шілде, 2018
Бүгінде Шымкент-Түркістан арасындағы көлік қатынасы жиілеген. Оның басты бір себебі - облыс орталығына қарай мемлекеттік мекемелер көші басталды. Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастайтын болады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2018
Елбасы Н.Назарбаев еліміздің табиғаты ерекше, шұрайлы өңірлерінде туризмді дамыту арқылы ел экономикасының дамуына ықпал етуді үнемі айтып келеді. Балалар туризмі – соның маңызды бір тармағы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылында ашылған «Жас турист» шатырлы лагері осы саланың дамуына қосылған қомақты үлес деп айтуға болады.
Парламент • 26 Шілде, 2018
Бұл күндері Сенат депутаттары қазақстандықтармен кездесулер өткізуде.