ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Тай тәжірибесімен бөлісуге дайын
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы қатысушы мемлекеттердің ұлттық күндері жалғасуда. Шілденің алғашқы күні Таиланд корольдігі төл мерекесін атап өтті. Елуден астам әртіс өнерін паш еткен шара барысында әсем табиғатымен әлемге танылған елдің тарихынан сыр шертетін қойылымдар сахналанды. Әсіресе, әдемі ұлттық костюмі, ерекше музыкасы мен ән-биі ешкімді бейжай қалдырмады.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Сомали сауда қатынасын нығайтуға ниетті
Шілденің алғашқы күні ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Сомали Федеративтік Республикасы ұлттық күнін тойлады. Астанадағы жиында жасыл энергетиканы қолдайтындықтарын білдірген сомалиліктер – өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді екен. Ұлттық мерекелеріне салт-дәстүрлерінен танытатын бағдарлама дайындап әкелген.
Мың жерден төрткүл дүниенің оқуын тауысса да, азаматтық ұстанымы болмаса адам баласы білім саласындағы жиған-тергенін халықтың қажетіне жаратуы қиын-ақ. Осы тұрғыдан келгенде алаш қайраткері Әлихан Бөкейханнан асыра айту мүмкін емес: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден». Біздің жұртына қызмет етуде тек білім аздық етеді дегенді меңзеп отырғанымыз да сол.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
«Жер – әңгімеші, жер әңгімеші болған соң ел әңгімеші», – дейді ұлы Мұхаң, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Жақында дүниеге Абай, Шәкәрім, Мұхтардай перзент сыйлаған алтын құрсақты Шыңғыстауды – ұлылар мекенін екі күнге жуық аралағанда тұла бойы тұнып тұрған шежіре, қойны-қонышы толған тарих екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Бір ғана сапарда қаншама жер-су атауына, олардың тарихына қанығып, қасиетті өлкенің қасиетін тағы бір мәрте сезінудің сәті түсті.