Экономика • 03 Шілде, 2023
Халқын ойлаған ел ғана өркендейді
Жуырда Астанада Қытайдың Ганьсу провинциясы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы және тағы басқа тауарларының көрмесі өтті. Онда негізінен кепкен жеміс-жидектер қойылды. Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне жасаған нәтижелі сапарын негізге алып ұйымдастырылды.
Шаруашылық • 03 Шілде, 2023
Маусым айында жауын-шашын жиілеп кетті де, күн райының қолайсыздығы шабындыққа шалғы салдырмады. Тіпті түн кәдімгідей салқын болып, кейбір аудандарда шөп көтерілмей қалды. Оның үстіне шаруаның көбі құрбан айттың өтуін күтіп, жаз науқанына енді ғана білек сыбанып кірісе бастады.
Театр • 03 Шілде, 2023
Адольф Аданның «Жизель» балеті – әлем сахнасының жауһарына айналған ең көп орындалатын туындының бірі. Романтизм дәуіріндегі балет шығармашылығының шыңы. Екі жүз жылға жуық театрлардың репертуарын безендірген әлемдік хореографияның інжу-маржаны. «Жизель» балетінің сахналануына Генрих Гейне қағазға түсірген көне вилисалар туралы аңыз-әңгіме арқау болды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Арқалық қаласында өткен «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік іс-шарада бір мезетте 1500 домбырашы күй тартты.
Спорт • 03 Шілде, 2023
«Qazsport» телеарнасына – 10 жыл
2013 жылы ақпарат айдынына қосылып, сол уақыттан бері қазақ спортының жаршысына айналған «Qazsport» телеарнасына биыл 10 жыл толды. Осы мерейлі күнге орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы елордада Open Air форматында мерекелік іс-шара өткізді. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент депутаттары, федерация өкілдері мен спортшылар қатысты.