Бизнес • 03 Шілде, 2017
Мақтаралдық диқандар жиналған қауынның 70 пайызын экспорттаған
Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
БҚО-да Жаңақала ауданының әкімі ауысты
Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин ротациялау тәртібімен Жаңақала ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі.
Жазғы спорт • 03 Шілде, 2017
«Тур де Франс-2017»: Алексей Луценко екінші кезеңде мәре сызығын жиырмасыншы болып кесті
Германия мен Бельгия тасжолдарында өткен турнирдің екінші кезеңінде велошабандоздар 203.5 шақырым жолды жүріп өтті.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Меркіде отандық өнімдер орталығы ашылды
Бүгінде Тараз қаласында «Дәмді себет» сауда жүйесінің орталықтары жұмыс істейді. Мұнда халық күн сайын келіп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын алып жатады.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды
«Қазақстанның үздік тауары-2017» конкурсы үш аталым бойынша ұйымдастырылып, оннан озған жүйріктер республикалық кезеңге жолдама алды.