Жұмыс • 03 Шілде, 2023
Жастардың жұмыспен қамтылуына назар аударылды
Солтүстік Қазақстан облысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов жұмыс сапарымен келіп, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада тұрғындармен кездесті.
Елорда • 03 Шілде, 2023
Елордаға ауыл-аймақтан, тіпті қаладан келетін халық көп. Тиісінше, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеуге келгенде жайбасарлық жараспайды. Осыған қарамастан Астанада әлі де болса тұралап қалған шаруалар, ауқымды жобалар бар. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек те баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берген еді.
Пікір • 03 Шілде, 2023
Ұлт сапасын кемелдендіру жолында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты баяндамасында ұлт келешегіне кепіл болатын бірқатар елдік мәселені ортаға тастады. Әділетті Қазақстанды құру үшін ең алдымен біртұтас ел болып жұмылу керектігін жұртшылықтың жадына салды. Берекелі қоғамның әр мүшесін «Біз болашағы қандай мемлекет құрып жатырмыз? Ұлтымыз нені армандайды? Қазақстан азаматы қандай болуы керек? Еліміздің басты тірегі не? Миссиясы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ойлануға шақырды. Биік мақсат, ізгі мұраттарға жету үшін әрбір адам адал болуға ұмтылып, жүйелі жұмыс істеуге тиіс екенін нықтап айтты.
Әлем • 03 Шілде, 2023
Швецияның НАТО-ға енуі қиындай ма?
Стокгольмде Құран өртегендердің әрекеті біраз елді әбігерге түсірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуін тағы да күрделендіре түсетін секілді. Өйткені Түркия бұған қарсылық танытып, райынан қайтар емес. Талаптарын күшейте түсуі мүмкін. Бұған АҚШ-тың Мемлекеттік департамент өкілдері де алаңдаушылық танытып отыр.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Тұқым өндірісіне жүйелі көзқарас қажет
Ғалымдар отандық тұқымды ойлап тапқанымен оны өндіріске енгізе алмай отыр. Фермерлер шетелдік сұрыпты құп көреді. Әйтсе де, өзіміздің ғалымдардың жобасы одан еш кем емес. Дегенмен шаруалар бұдан хабарсыз. Қазір Ұлттық ғылым академиясы осы мәселемен айналысып жатыр. Осы ретте Жетісуда ҚазҰАЗУ «Білім тарату орталығының» филиалы ашылады.