Президент • 03 Шілде, 2017
Мемлекет басшысының төрағалығымен Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті
Қазақстан Президенті орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап көріп, «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды, сондай-ақ «жасыл аймақты» дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен оны одан әрі көгалдандыру жоспарлары туралы хабардар болды, деп хабарлайды akorda.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
ОҚО-дан солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында халықты жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы тиісті деңгейде емес. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті.
Президент • 03 Шілде, 2017
Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
Мемлекет басшысы елорданың айналасындағы жасыл аймақты тікұшақпен аралап, оған дәстүрлі түрде қырғауылдар мен еліктер жіберу шарасына қатысты. Сондай-ақ, іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлады akorda.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жамбыл облысында тағы да кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бүгін Жамбыл облыстық әкімдігінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен актив жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласының әкімі, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
6 шілдеден бастап Сібе көлдеріне автобус жүреді
Шырайлы Шығыс өңірінде демалыс орындары аз емес. Соның бірі – Ұлан ауданы аумағындағы Сібе көлдері.