«Жасыл белдеу» – елорданың тынысы
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл аймағын аралады.
Бітімгерлік – сыртқы саясатымыздың басым бағыттарының бірі
Тәуелсіздік алғалы еліміз 182 мемлекетпен дипломатиялық әрі конструктивті қарым-қатынас орнатыпты. Осы ширек ғасырда шет мемлекеттерде Қазақстанның 57 елшілігі мен 31 дипломатиялық мекемесі ашылған. Бүгінде Қазақстанда 95 шетелдің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшыларымен өткізген дәстүрлі кездесуінде мәлімдеді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2017
Елорда төрінде – Эрмитаж жәдігерлері
Әлемде адамдар ең көп баратын 20 музейдің бірі саналатын дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени Эрмитаж музейі Астанаға келді. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен «Шығыс пен Батыс: мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» көрмесі мыңжылдықтарға ұласқан қару тарихынан мол мағлұмат береді.
Күрес • 03 Шілде, 2017
Семейдің самбошылары Ташкенттен жеті медальмен оралды
Ташкентте самбо күресінен өткен Азия чемпионатында ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Семей қаласындағы «Семей» спорт академиясының самбошылары айды аспанға бір-ақ шығарып, екі алтын, екі күміс және үш қола медальды қанжығаларына байлап қайтты.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Ақтөбеде стадион трибунасының бір жақ бөлігі құлады
Кеше жергілікті уақыт бойынша 12.26-да Ақтөбе қаласында аяқастынан екпіні атан түйені жығардай қатты жел көтеріліп, дауыл тұрды. Соның салдарынан облыс орталығындағы Батыс-2 деп аталатын құрылыс жұмыстары қызу қарқынды жүріп жатқан ауданда мойнын көкке созып тұрған қос кран серейіп жерген сұлап түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.