Қазақстан • 04 Шілде, 2017
1994 жыл. 6 шілде. Дәл осы күні Қазақстанның астанасы Алматыда өткізілген Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, еліміздің экономикалық, экологиялық, саясат және демографиялық мәселелеріне терең талдаулар жасады. Келесі бір кезекте Мемлекет басшысы бұл мәселелердің түбегейлі шешімі астананы Ақмолаға көшіру арқылы табылатынын тайға таңба басқандай тұжырымдап берді. Арада үш жыл өткен соң, 1997 жылдың қазан айының 20-ы күні Президент Ақмола қаласын «Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Президент • 04 Шілде, 2017
Астана бүгінде әлемдегі ең жас елорда екеніне қарамастан, халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар өтетін жаһандық саясаттың эпицентріне айналып үлгерді десек, артық айтқандық емес. Елбасы мен елорда егіз ұғым дегендей, Қазақстанның бас қаласының аз ғана уақыт ішінде әлемдік деңгейде осыншалықты зор сенімге ие болуына көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен халықаралық қоғамдастықтағы жоғары беделі игі ықпал еткені талас туғызбаса керек. Ал Астананың бүгінгі бағындырған биігіне мысалдар жеткілікті.
Қанағатшылдық пен қарапайымдылық
Уақыт өткен сайын көптеген өзгерістерді бастан кешірудеміз. Тіршіліктің қай саласын, қай тұсын алып қарасаңыз да жаңашылдықтың, басқаша бір көзқарастың пайда болғанын аңғарасыз. Яғни уақыт ағымымен келген өзгерістер өмірге, әрекет-тіршілігімізге деген түсінікті, көзқарасты да басқаша қалыптастыруға үндейді. Демек, жаңа заманның жасампаздығына жұтылып кетпеу үшін ескірген көзқарастардан арылып, дүбірлі дүниенің даңғыл жолына түсуді жаңаша ойлауымыз қажет.
Білім • 04 Шілде, 2017
Табысты болудың басты факторы − білім
«...Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Жаңаша ойлап, қоғам, ел үшін отандастарын игілікті істер жасауға үндеген Елбасы одан әрі былай дейді: «...Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай».
Қазақстан • 04 Шілде, 2017
Таяуда Таиландқа визасыз барамыз
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысын өткізу үшін Астанаға келген Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.