Табиғат • 03 Шілде, 2023
Зайсан көлінің солтүстігінде өте сирек кездесетін тораңғы ағашы бүр жарып тұр. Белгілі орнитолог, табиғат жанашыры Борис Щербаковтың айтуынша, тораңғы талы аязға қалай төзімді болса, ыстыққа да солай шыдас береді.
Театр • 03 Шілде, 2023
Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Арқа төрінде апта бойы салтанат құрады. Елордамыздың 25 жылдық мерейтойы һәм Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған гастрольдік сапарында еліміздегі ең жас театр таңдаулы спектакльдерін бас шаһардың талғампаз көрермендеріне тарту етеді.
Ұлттық спорт • 03 Шілде, 2023
Өткен жексенбі күні елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Qazaqstan barysy» турнирі ұйымдастырылды. 2011 жылдан бастап төл күресімізді ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп келе жатқан жарыстың биыл 12-мәрте жалауы желбіреді. Әр өңірдің мықтылары жиналған балуандар бәсекесінде күш құрылымдары арасындағы ұлттық күрестен «Әскер барысы» атанған Ғалымжан Қырықбай биылғы «Qazaqstan barysy» жарысының жеңімпазы атанды.
Теннис • 03 Шілде, 2023
Иранның бас шаһары – Тегеранда өткен теннистен 18 жасқа дейінгілер арасындағы «ITF Juniors J100 Tehran Optigen Pro Jnior Championship» турнирі мәресіне жетті.
Спорт • 03 Шілде, 2023
Мажарстанның Помаз қаласында ұйымдастырылған ат үстінде садақ ату спортынан (жамбы ату) Әлем кубогі жарысы аяқталды. Құралайды көзге атқан мергендер додасына Еуропаның жиырмаға жуық елінен және Қазақстаннан барған жүзге жуық спортшы қатысты.