Зейнет жасы ма, зерігудің басы ма?
Халық «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп бекер айтпайды. Өмірден көргесін, ой түйгесін, бар мен жоқты безбендеген соң ауыздан шыққан бір ауыз тіркес қанатты қағидаға айналып кетеді.
Білім • 04 Шілде, 2017
20-27 маусым аралығында еліміз бойынша 165 пунктте Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді. Тест тапсыруға өтініш білдірген 92 827 түлектің 95,4 пайызы (88 583) сынаққа қатысты. Соның ішінде оқушылардың 73 пайыздан астамы тестті қазақ тілінде тапсырғаны қуантарлық жайт.
Білім • 04 Шілде, 2017
Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша республикалық форум болып өтті. Жиынға республиканың білім беру ұйымдары мен колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының ректорлары мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ театр директорлары, суретшілер қатысты.
Медицина • 04 Шілде, 2017
«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастағаны белгілі.
Медицина • 04 Шілде, 2017
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған биылғы Жолдауында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақыны 20 пайызға арттыру туралы Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған сай тиісті жұмыстарды белсенді жүргізіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2,1 миллионнан астам қазақстандық зейнеткерлердің зейнетақысын қайта есептеді. Ынтымақты зейнетақы төлемдері осы жылдың басында 9 пайызға артқан болатын. Енді тағы да 11 пайызға көбейді. Сөйтіп, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы өсімі 20 пайызға жетті. Қазіргідей қымбатшылық қысқан уақытта мұның өзі қарт кісілер үшін үлкен қамқорлық.