Саясат • 03 Шілде, 2023
Қазақстан – Қытай: Өңірлер арасындағы келісім
Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облысы арасындағы әріптестік байланыс жанданып келеді. Өңір басшысының Қытайға сапары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайта түскені белгілі. Енді қытайлық делегация жер жаннатына келіп, өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған бірнеше келісімшартқа қол қойды.
Ауыл • 03 Шілде, 2023
Төскейі төрт түлікке толы жайлау
Теңіз деңгейінен шамамен екі жарым мың метрге жуық биіктіктегі Іле Алатауының шығыс сілемінде жатқан атақты Асы жайлауын Еңбекшіқазақ ауданының малшылары жайлайды. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы жайлау төрінде 500-ден астам шаруа қожалығының малдары жайылып, қоң жинайды. Жыл сайын жайлау төсін дүбірлеткен малшылар слетінің карантин уақытында жібі үзіліп қалған еді. Биыл дәстүрлі шара қайта жаңғырып, Асыда ауылшаруашылық еңбеккерлері мен кәсіпкерлердің форумы ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығына қолайлы өңірдегі төрт түлік малдың 65 пайызы 133 жайлауда жайылады.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Жаңбырдың аз түсуінен болса керек, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның бірқатар өңірінде шөп селдір. Малмен жан баққан ауыл тұрғындары алты ай қыстан төрт түлігін қалай алып шығарамыз деп алаңдайды. Әсіресе мамырға дейін қар жамылып жататын Марқакөл, Катонқарағай өңірлері үшін қиын. Ауыл шаруашылығы мамандары да жоспардағы жемшөпті жинай алу-алмауын дөп басып айтпады.
Ұстаз • 03 Шілде, 2023
Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген өміршең ой айтқанын қалай ұмытарсың! Бұл сөз қазақ қоғамындағы ұстаздың орнын анықтап тұр. Білім жолына жетелеген аяулы ұстаздарымыздың ұстазы Парманбек (Пәрмеш) Жақсымбетовті үлгі ететін едік. Сол тұстағы оқушыларға тұрмыстық тіл дәрежесінен аса алмай отырған қазақ тілінің заңдылықтарын үйретіп, қазақ әдебиетінің бай мұрасымен алғаш таныстырған да – осы кісі. Ол шын мәнінде бала көңіліміздің қаһарманы-тын.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Биыл жаз ересен ыстық болып басталды. Әншейінде сулы-нулы делінетін Көкшетау мен Қорғалжынның кең көсілген даласындағы жалпақ жұрт су тапшылығын қатты сезініп отыр.