Еңбек • 04 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістандағы ІІ Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Біз ел болып еңбек адамын қадірлей білуіміз керек. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбек еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз», деп атап өтті. Қазірде еліміз көлемінде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қажетті тауар түрлерін шығаруды дұрыс жолға қойып, жаңа тетіктерді, нәтижелі механизмдерді өндіріске батыл енгізудің арқасында сала жұмысын қарыштап алға бастырып отырған кәсіпорындар баршылық. Құрамында мыңға тарта жұмысшы еңбек ететін, өңірдегі өнеркәсіптің көшбасшысы саналатын Алматы көпір құрылымдары зауыты – солардың бірегейі.
Тәрбие • 04 Шілде, 2023
Ұлттық тәрбиеге негізделген «Өркендеу» бағдарламасын бүгінде мектептер мен балабақшалар тиімді пайдаланып келеді. Оған жуырда ұйымдастырылған республикалық веб-семинарда тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.
Қылмыс • 04 Шілде, 2023
Табиғат байлығына суық қолын сұққан браконьерлердің қулығына құрық бойламай тұр. Қуғанға жеткізбейтін жүрдек қайығы, өзгелердің қолына түспейтін аса қымбат спутниктік байланыс құралы бар браконьерлердің заңсыз әрекеті биылғы «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау іс-шарасы кезінде тағы да тіркелді. Бұл жолы браконьерлер Каспий теңізінен ауланған бекіре тұқымдас бағалы балықты қамыс арасына жасырып, заңсыз әрекеттерін бүркемелемек болды.
Бокс • 04 Шілде, 2023
Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бокстан ерлер және қыздар арасындағы «Елорда кубогі» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл екінші рет жалауы желбіреген байрақты бәсекеде еліміздің ерлер құрамасы 8 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль, бұрымды боксшылар 8 алтын, 9 күміс, 13 қола жүлде олжалап, «Beeline Arena» спорт кешеніне жиналған барша бокс жанкүйерін қуанышқа бөледі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Алматы облысына жұмыс сапары барысында жолаушылар көлігімен қамтылмаған ауылдық елді мекендерге автобус маршруттарын беретін коммуналдық кәсіпорын құруды тапсырған. Осы тапсырманы орындау мақсатында жыл басында облыс әкімінің қаулысымен «Алматы облысының автобазасы» ЖШС муниципалды автобус паркі құрылған болатын. Шілденің алғашқы күні коммуналдық парктің алғашқы маршруттары жолға шықты.