Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Оңтүстікте «Жасыл ел» бағдарламасымен 1275 жас жұмыспен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, осы жылдар ішінде 15 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Теннис • 04 Шілде, 2017
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қытайда спорттық машығын жалғастырады
Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай елінде спорттық машығын жалғастыруға мүмкіндік беретін үстел теннисі турнирі басталады.
Ұлттық спорт • 04 Шілде, 2017
Еламан Ерғалиев: Бейбіт Ыстыбаевтан асып түскім келеді
Еламан Ерғалиев – бүгінде қазақ күресінің айтулы өкіліне айналды. 2011 жылы «Жас барыс», 2017 жылы «Әскер барысы» мен «Қазақстан барысы» турнирлерін ұтқан Еламанның ендігі мақсаты – «Әлем барысы» мен «Еуразия барысында» топ жару. Сондай-ақ, дзюдо күресінен Олимпиада шыңын бағындыруды көздейді. 2017 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы Еламаннан жеңісінің ыстық-суығы басылмай тұрып сұхбат алған болатынбыз.
Президент • 04 Шілде, 2017
АҚШ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
Дональд Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 04 Шілде, 2017
Алматыда ұлттық әліпбиге көшу жұмысы талқыланды
2017 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.