Құрылтай • 04 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркістан қаласында ткен Ұлттық құрылтайдың екінші мәжілісінде кеңінен қозғалған қоғамды жаңғырту, мәдени-рухани даму, білім және ғылым саласының мәселелері зектілігімен назар аударады.
Елорда • 04 Шілде, 2023
Астана қаласының экономикалық белсенділігі күннен-күнге жанданып, дамып келеді. Жыл басындағы мәлімет бойынша, елорда шетел инвестициясын тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Қаланың негізгі капиталына салынған жылдық инвестиция көлемі 1,4 трлн теңге болыпты.
Сауда • 04 Шілде, 2023
Сауданы ұлғайтудың мүмкіндіктері
Варшавада өткен Қазақстан-Польша экономикалық форумы алаңында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Былтыр өзара тауар айналымы 1,4 млрд доллар болған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 79,2%-ға (0,8 млрд долларға) жоғары. Қазақстаннан Польшаға экспорт 2022 жылы 99,4%-ға өсіп, 770,8 млн долларды құраса, Польшадан елімізге импорт 2022 жылы 58,2%-ға өсіп, 587,5 млн долларға жеткен.
Мәселе • 04 Шілде, 2023
Ауыз судың көкейкесті мәселесі
«Судың да сұрауы бар». Бабаларымыз мұны өз заманы емес, келешек үшін айтқан ба дерсің. Экономикасы мен ғылымы қарыштап дамыған ХХІ ғасырда адамзаттың қолы айға да жеткенімен, жер астындағы суға жетпей қалады деп кім ойлаған?! Бірақ ақиқаты сол, ауыз су мәселесі бүгінде бүкіл әлем үшін өткір тұрған проблемалардың біріне айналды.
Медицина • 04 Шілде, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамитындығына назар аудара келіп: «Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды», деді.