Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Астананың ауқымы күннен-күнге артып, қанатын кең жайып келеді. Жүздеген жаңа тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттары бой көтерді. Халық саны өсті. Сондықтан, елордада тазалық жұмыстарына бұрынғыдан да ерекше мән беру қажеттігі туындады. Мұны Елбасы талай мәрте айтқан болатын. Астана таза қала болуға тиіс. Өйткені, бұл Қазақстанның бас қаласы. Оның үстіне келімді-кетімді кісі көп. Сырт көз – сыншы. Күнделікті өмірде күйбең тірлікпен жүріп, көбіміз әсте байқай бермейтін тұрмыстық кемшін тұстарымызды сырт көз бірден аңғара қояды. Ауасы да, суы да, айналасы да – бәрі-бәрі кіршіксіз, мұнтаздай таза болуы қажет. Астана әкімі Әсет Исекешев тазалық мәселесіне байланысты соңғы айдың өзінде бірнеше мәрте алқалы кеңес өткізді. Таң бозарып атып келе жатқанда Астана көшелері мен аулаларын аралап, тазалық жұмыстарының жақсы жүруін қатаң бақылауға алды. Дәл «ЭКСПО» халықаралық көрмесі басталар алдында бас қаланың көшелері мен аулалары, саябақтары мен демалыс орындары – бәрі-бәрі ретке келтіріліп, айнала тазалық күйіне бөленді. Қазір тұрғын үйлердің аулаларында аузы-мұрнынан төгіліп, ашылып-шашылып жатқан күл-қоқысты көрмейсіз. Контейнерлер орналасқан орындардың да айналасы таза. Қуысқа немесе тал-теректің тасасына бей-берекет тастай салатын қоқыс көзге түспейді. Аяқжолдардың бойы да жинақы. Көктем шыға алабажақ көрініске енген қоршаулар мен белгілер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, шам бағандары мен көпірлердің жан-жағы сырланып, тазаланып ретке келтірілді. Көше бойларын тазалап, су шашып жүрген техниканы жиі көресіз. Не керек, Астанадағы күнделікті тазалық жұмыстарына көңіл толады.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
ХҚА кеңесі Астана күнімен құттықтады
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді бейбітшілік пен келісімнің байтақ қаласы – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! Астана – әлемнің ең әдемі және қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Егемендігіміздің елең-алаңында тағдыры шешіліп, Сарыарқаның төрінде туған Астананың қалай өскені, өркендеп келе жатқаны, көршілеріміздің көз алдында, әлемнің назарында. Күн сайын көркейіп, Астанамыз ажарлана түсті.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Мереке қарсаңында партия қатарына қабылданды
«Нұр Отан» партиясы Астана күніне орай азаматтарды партия қатарына қабылдады. Салтанатты шарада 18 талантты жас қазақстандық «Нұр Отан» мүшесі атанды. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Жастарды Президент партиясының қатарына өтулерімен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мұндай айтулы сәттің Астана күнімен тұспа-тұс келуі тегін емес екеніне назар аударды.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Нақты тапсырма – нәтижелі түйін
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері және жекешелендіру жүргізу барысы қаралды.