ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
Америкалықтар қазақшасымен қайран қалдырды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Америка Құрама Штаттарының ұлттық күні өтті. Аталған мереке мемлекеттің тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Басқосуда америкалықтар қазақ тілінде сөйлеп, жиналған жұртты тәнті етті.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 қалашығындағы медиа орталық мамандары көрмені тамашалауға келіп жатқандар саны бойынша бір аптаның қорытындысын жариялады. Онда елорда төрінде өтіп жатқан халықаралық шараны соңғы бір аптада 217 мың адам тамашалағандығы жайында дерек бар.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының керектігін айта келе, «Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадына біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды» деп жазды. Мемлекет басшысы осы жалпыұлттық қасиетті орындар «... неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» деп атап көрсетті. Осы мақалада аталып отырған Ұлытау өңірі де исі қазақтың тұтастығының алтын діңгегі.
Елдің есінен 1992 жылдың күзінде Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қалай ұмытылсын! Сол жиында алғаш рет 11 қандасымызға Қазақстан азаматтығы беріліп, төлқұжат тапсырылса, бұл күнде атажұртына 1 миллионға жуық қандасымыз оралған екен. Тек биылғы алғашқы тоқсанда-ақ шет мемлекеттерден көшіп келген 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстанды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Астанаға Ақмешіт арқылы газ келеді
Сыр өңірін көктей өтетін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының қуаты 10 млрд текше метрге жетті. Енді оңтүстік өңірлердегі газ тапшылығы толық жойылды деуге әбден болады.