Аймақтар • 05 Шілде, 2017
ОҚО-дағы ХҚКО мамандары жарты жылда 3 млн-нан астам қызмет көрсеткен
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов айтты.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Түлек өзі оқыған мектепке бір миллион теңге сыйлады
Қарабалық ауданындағы Приречное селосындағы мектепке осы білім ошағын бұрын бітірген кәсіпкер Сәуле Шәуенова түлектердің дәстүрлі кездесуінде бір миллион теңгенің сертификатын әкеліп тапсырды. Осы қомақты қаржыны ол өзінің, отбасының және әкесінің атынан табыс етті.
Медицина • 05 Шілде, 2017
18 миллионыншы қазақ Талдықорғанға келе жатыр
Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстанның 18 миллионыншы азаматы өмірге келді. Дәл бүгін емес, осыдан екі айға жуық уақыт бұрын – мамыр айының 11-ші жұлдызында. Өмірге адам келгенде туған топырағы бір бүлк етеді деседі ғой. Ал, 18 миллионыншы қазақ туғанда Талдықорған топырағы ерекше толқыныспен бүлкілдегенін көп ешкім білмей де қалған шығар. Бұл сәби қазр жол үстінде. Талдықорғанға келе жатыр.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Осыдан бір жыл бұрын «Естелікке автограф» атты мақаламда мен жекелеген, сонымен бірге, архивінде, кітаптарда және кәдесыйлар жиынтығында көп данамен Елбасының атына арнайы, естелікке және сыйлық ретінде қалдырылған қолтаңбаларға қысқаша шолуды ұсынған едім. Аталған мақалаға арналған жылы лебіздер легін мен, әлбетте, Тұңғыш Президентіміздің тұлғалық қасиетіне деген жұртшылықтың үздіксіз қызығушылығымен, сонымен бірге, автографтар топтамасында үлкен саясат «кәдуілгі құрғақ ресмилік» формасында емес, адамдармен емен-жарқын кері байланыс түрінде берілгенімен байланыстырамын. Дәл сол кездің өзінде егер «Назарбаевқа» деген автографтар сыйға тартылған болса, әрине, «Назарбаевтан» деген де автографтар тақырыптың бір тармағы болатыны белгілі еді. Сол себепті, бүгін мен оқырманды өзіммен бірге Елбасының қолтаңбалық әлеміне көз жүгіртуге шақырамын.