Қазақстан • 26 Шілде, 2018
Қазақстан • 26 Шілде, 2018
Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына келді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнер • 26 Шілде, 2018
Екібастұз қаласына қарасты Қаражар ауылы маңындағы Әулиекөлдің жағасында әйгілі әнші-композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы аталып өтті. Той үстінде тұлғаны есте қалдыруды көздейтін ұғымды ұсыныстар да айтылды. Облыс әкімі Болат Бақауов Естайдың есімін музыка мектебіне беру жөніндегі ұсыныс облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралатынын айтты. Облыс орталығында ақынға ескерткіш орнатылады. Қалалық тарихи-өлкетану музейінде арнайы зал ашылды.
Өнер • 26 Шілде, 2018
Тіл айта алмағанды күй жеткізеді
Күйші-композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібаевпен сұхбат.
Тарих • 26 Шілде, 2018
Сыр бойында орналасқан көне қалалардың бірі – Сығанақ. Оның 2000 жылдық тарихы бар. XІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық одағы осында тұрған. «Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан-байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан» деп жазады академик Әлкей Марғұлан. Олардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Қала базарында күн сайын 500 түйе сатылып отырған. Бұл қалаға Арқадан (Дешті Қыпшақ), Хажы – Тархан (Астрахань) жағынан көп дүние келетін, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болған.