Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.
Президент • 06 Шілде, 2017
Сұлтан Жиенбаев. Ел мерейі – ер мерейі
Алматы! Тақуа тарихтан мың жылдық енші алған көне шаһар. Алатау баурайындағы бақ пен шаттықтың бесігі, тәуелсіздіктің сұлу жаршысы. Сымбаты мен сыры жарасқан, рухани дидары келбетті қаланы қай қазақ баласы жақсы көрмейді дейсіз?! Қанша ақынның жырына өзек, қанша композитордың әніне сән болған аяулы мекен. Қанша адам бақыт тапты, қанша жанның бағын ашты бұл қала!
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
6 шілдеде елдің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Президент • 06 Шілде, 2017
Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана күні мерекесіне орай «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің конгресс-орталығында өткен салтанатты қабылдауға қатысты, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Омбы архивінен Кенесары ханға қатысты құжаттар әкелінді
Астанада Ресейдің Омбы облысы Тарихи архивінен әкелінген тарихи-деректі құжаттардың көрмесі өтті. Омбы және Ақмола облыстарының тарихына қатысты 40-қа жуық құжат жеткізілген.