Тәрбие • 06 Шілде, 2017
Менің шетелдерден жаздырып алатын журналдарымның бірі түркиялық «Қардеш қалемлердің» («Kardesh kalemler») қолыма тиген кейінгі санында біздің Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тұтас жарияланған екен. Өз ұстанымы бар халықаралық әдеби журналдың мына мінезі ұнап қалды. Қалай ішің жылымасын? Суреттермен көркемделген журналда тілектес ағайынның ықтиятты ықыласы андағайлап, ашық аңғарылып тұр. Демек, мұның Қазақстанда басталмыш оң өзгерістерге түрік қандастарымыз да бейжай қарай алмайтынын білдіретін игі нышан болғаны. Әйтпесе, еліміздегі өтіп жатқан әрбір оқиғаға дүрбі салып немесе өзі сусын ішкен саптыаяқтың сабынан қарауыл қарап, тырнақ астынан кір іздеп отыратындар да жоқ емес.
Президент • 06 Шілде, 2017
Алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Елорда төрінде айбарымызды асқақтататын, халықаралық саяси және экономикалық мәселелер талқыға салынатын жиындар, жоғары деңгейде халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Мәртебесі биік, ұлағаты зор ұлы жиындар өткізіп Астана әлемге таныла бастағаннан кейін елорданың кемел де келісімді мәжілістерге мұрындық бола алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Бүгінгі күні Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді.
Президент • 06 Шілде, 2017
Қазақтың маңдайы ашық, тілеуі дұрыс халық болған соң болуы керек, пешенесіне Нұрсұлтан Назарбаев секілді парасатты адамды Президент етіп сыйлап, жері үлкен болса да, халқы аз мемлекетті әлемге мәшһүр ету міндетін аманаттапты.
ЭКСПО-2017 • 06 Шілде, 2017
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэ Юэ ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қытай ұлттық күнінің ашылуына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана: сұлулықпен үндескен жылулық
Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұрынғы бір шарада «Үкімет Астанаға көгілдір отын жеткізу жөнінде көп жылдан бері уәде беріп келеді, сол уәдесін қашан орындайды?» деген сауалға «Астанаға газдың қашан жеткізілетіндігін бір Құдай ғана білер» деп жауап беріп, үмітті көңілдердің әптігін басып тастаған еді.