Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Көзің сүйсінеді, көңілің ән салады
Еліміздің астанасын жаңа қонысқа ауыстыру туралы ең алғаш сөз жүргенде біздер, қазақстандық БАҚ басшылары, мұның көкжиегі алысты меңзеген саяси бағдарлама екенін түсіндік. Басылым беттерінде бұл бастамаға байланысты толғамды мақалалар туа бастады. Жасыратын несі бар, ол кезде кейбіріміздің дүдәмал ойдың жетегінде болғанымыз да рас. Сол тұста Кеңес Одағы деген алып мемлекет құлаған. Елдің экономикасы тұралап жатты. Айналаның барлығында дағдарыс, бірақ, бұрын-соңды бой көрсетпеген, аты мен заты бейтаныс бизнеске құлшыныс танытыла бастады...
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Астана – тарихымыздың шежіресі. Алаштың алтын қазығы болған Астананың әрбір жетістігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы жатыр. Елбасы мен елорда егіз ұғым дейтініміз де сондықтан. Елорданың әр қадамы мен даму қарқыны, тіршілігі мен тынысы, ұсақ-түйек шаруасына дейін Президенттің назарынан тыс қалған емес. «Астана – менің қуанышым, мақтанышым. Оның әр ғимараты қалай салынғаны маған жақсы таныс. Оны көшіруге байланысты болған барлық проблемаларды жүрегімізден өткіздік. Бұл – арман еді. Енді ол – тамаша қала» дейді Елбасы елордаға деген ерен сүйіспеншілікпен. Ертегі батырларындай ерте есейген елорда бүгінде – тәуелсіздігіміздің таңдаулы табысы, бар қазақтың басына қонған бақыт мекені.
Қаржы • 06 Шілде, 2017
Астана қаласы – еліміздің саяси басқару орталығы ғана емес, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыт-бағдарын анықтап отырған әлеуетті экономикалық көшбасшы. Яғни, толағай табыстың тасқыны да елордадан бастау алатыны анық. Және Астананың әлеуетін айқындау кезінде отандық экономиканың алыбы ретінде қарастырумен қатар, күллі әлем дамуындағы маңызды миссиясын да қоса бағамдау керек.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Үлкен белестерді бағындырады деп үміттенемін
Санғасырлық тарихы мен өркениеті бар, тұрақты саяси және экономикалық даму жолына түскен Қазақстан халқы Алла тағаланың берген зор нығметінің арқасында гүлдену мен өркендеу жолында нық қадам жасап келеді.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Бас шаһарға, бар сапарға бағыт берген бекет
Жақында ғана Астанада жаңа вокзалдың ашылғанын сүйіншілегенбіз. Елорданың оңтүстік-шығысындағы «Мыңжылдық» саябағының маңына орын тепкен алты торапты және алты қабатты алып бекет алыстан-ақ көз тартады. Арқаның төсіндегі әсем қалаға ат басын бұрған ағайынның табаны алдымен, тиетін вокзалдың ажары шаһар сәнін айшықтай түседі. Сәті келгенде сандарды сөйлетсек, нысанның ұзындығы 630 метр болса, ені 120 метрді құрайды, ал биіктігі – 49,5 метр.