Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақ тарихының жаңа парағы ол – осыдан жиырма шақты жыл бұрын Қараөткелдің жағасындағы, Есілдің сағасындағы ең көрікті шаһар – жаңа Астанамыздың еңселі бой түзеуі болатын. Онда көреген Елбасының кемел саясаты мен асқақ арманы ұштасқан.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақстанның абырой-беделі арта берсін!
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Түркі әлемінің ақсақалы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Білім • 06 Шілде, 2017
Бүгінгі жер-жаһан күн сайын өзгеріп жатқан тұста сана-сезім мен дүниетанымға сіңген кейбір таптаурын қағидалардан арылу, алға қарай ұмтылу елді де еңселендіре түспек. Өйткені, мемлекет – ең алдымен адами капиталымен мемлекет. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған қадау-қадау мәселелердің маңызы айрықша. «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін» деп жазды Президент аталған мақаласында.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Осы жылғы 20 қазанда еліміздің астанасын бүгінгі елордаға ауыстыру туралы Президент жарлығының шыққанына 20 жыл толғалы отыр. Бұның Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тағдыршешті шешімдердің бірі болғаны анық. Арада шамалы уақыт өткеннен кейін, 1998 жылдың 6 мамырында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойған болатын.